Google жанжал тудырған саудиялық қосымшаны жоюдан бас тартты
Google жанжал тудырған саудиялық қосымшаны жоюдан бас тартты
6 жыл бұрын 2392 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Google компаниясы Google Play қоржынынан Саудия билігінің Absherқосымшасын алып тастаудан бас тартты. Аталмыш бағдарлама ерлерге туған-туыстарының әр қадамын қадағалауға әрі шетелге шығуына шектеу қоюына мүмкіндік беретін. Бұл жайында Insider ақпарат көзі хабар таратты. Әлемге әйгілі америкалық фирма құқық қорғаушылардың талабын неге орындаудан бас тартты. Google Саудия билігінің бұл қосымшасы ережені бұзып отырмағандығын алға тартты. Бұл бағдарламаны алып тастауды АҚШ конгресшілдері де талап етіп отыр. Аталған қосымша Саудияның ішкі істер министрлігінің сервисі ретінде жұмыс істейді. Аталған қосымша арқылы жергілікті тұрғындар төлқұжат алып, автокөлігін ресімдейді, т.б. Десе де аталмыш бағдарламаны саудиялық ер-азаматтар әйелдердінің қайда барып, қайда тоқтайтынын  немесе елден тысқары кетуіне тыйым салу үшін пайдаланады. Құқық қорғаушылар Google компаниясын адам құқығын бұзатын, бостандығын шектейтін мұндай қосымшасы үшін қатаң сынға алған болатын. 

0 пікір
Мұрағат