Сергей бала жасынан балық аулауға құмар болып өсіпті. Кейін өскенде, моторлы қайыққа қол жеткізіп, троллинг әдісімен балық аулауға маманданыпты. Ол қайықты жүргізіп келе жатып, өзенге қармақ тастауды білдіреді. Өзінің соңғы ірі табысына да осы әрекет кезінде жеткен.
Балықшы жігіт кезекті балық аулауы кезінде, қыркүйек айының басында Дворец деревнясы тұсындағы Речица көпіріне жақын жерде жайынына кезіккен. Ол қызымен бірге су үстінде серуендеп жүргенінде қалай болатынын байқау үшін суға воблер (жем) тастай салады. Балық айтарлықтай тез қабады. Ал оны сыртқа алып шығару үшін 40 минуттай уақыт керек болады. Жайын содан кейін ғана судың бетіне қалқып көтеріледі.
Сергей бейтаныс балықшының жәрдем беруімен алып балығын жағаға тартып жеткізеді. Екеулеп өлшеп қалғандай, жайынның салмағы 53,3 кг тартса, ал ұзындығы 2,1 метрге жетті.
Андроновтың бұған дейінгі ең ірі балығы 7 килолық шортан болған екен.