Голландиялық келіншек “мысық күйеуі” өлген соң, итке тұрмысқа шықпақшы
Голландиялық келіншек “мысық күйеуі” өлген соң, итке тұрмысқа шықпақшы
10 жыл бұрын 3841

Нидерландтың 41 жастағы азаматшасы Доминик Лесбирель «мысықүйеуі» өліп қалғасын, «ит-күйеуге» тигелі отыр. 

Бұл туралы New York Daily News хабарлады деп жазады ras.kz.

Оның бұған дейін «тұрмысқа шыққан» Доэрак есімді мысығы жақында бүйрек талмасынан қайтыс болған. Алдымен ол біраз ауырыпты.  “Мысық” күйеуінің қиналғанын көрген әйел оны мәңгі ұйқыға жіберу туралы шешім қабылдайды.

«Маған мұндай ұйғарымға келу оңайға соққан жоқ. Ол үш жасынан бері менімен бірге тұрып келе жатыр еді. Біз содан бастап онымен керемет 16 жылымызды бірге өткіздік», – дейді Лесбирель.

Ал мысық өлімінің қайғысы сейіле бастаған кезде әйел өзін Трэвис атты төбетімен көңіл қоспақшы болады. Оны Доминик бұдан біраз жыл бұрын Грекиядағы жағажайлардың бірінен тауып алыпты.

Әйелдің айтуынша, үйсіз-күйсіз жүрген ит күнге қыздырынып жатқан мұның кебісін тартқылай беріпті. Сонымен бірге, «жүрегіне де шоқ тастаған» көрінеді.

Доминик Лесбирель үй жануарларымен өткізген ырым-жырымдарының бәрін 2003 жылы өзі ашқан MarryYourPet деген сайтқа салып қояды екен. Осыған орай әйел мұның ережесін де жасап алыпты.

«Кез келген некедегі сияқты, мұнда да белгілі бір қағида бар. Шіркеуде тіркелу салтанаты бар. Бұл шараның басты айырмашылығы сол – менде ажырасу деген болмайды. Мен әлдекімдердің өздері бағып-қағып отырған жануарларынан бас тартқандарын қаламаймын», – дейді ол.

Лесбирель бұған «біздің бәрімізге махаббат керек, бірақ оны адамдар арасынан табу өте қиынға түседі» дегенді қосып қойды.v

1 пікір
Мұрағат