Гиперсоникалық жарыс: сантехникаға арналған минерал геосаясаттың қаруына қалай айналды
|
Австралиядағы циркон екі алып державаның (Қытай мен АҚШ) арасындағы қатаң бәсекелестікті қалыптастыратын металға айналуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы түрлі интернет дерек көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Құрамында циркония деп аталатын аса құнды нәрсе кездесетін бұл металл табиғатта сирек әрі бірегей: жоғары температура мен қысымға төзімді, өте берік (тығыздығы жоғары), коррозияға бой бермейді, яғни, тозбайды. Міне, осындай қасиеттеріне байланысты осы заманғы озық технология өндірісінде таптырмайтын металл. Циркония гиперсониялық, яғни, дыбыстан жылдам ұшу аппараттары мен ғарыш кемелері үшін, сондай-ақ, атом энергетикасы үшін жылу қорғау жүйелерін өндіруде үлкен сұранысқа ие. Дегенмен, Қытай мен АҚШ-тағы цирконидің меншікті қорлары өте шектеулі: Қытайда әлемдік ресурстың үлесі небәрі 0,7%-дан аспайды, Америка құрама штаттарында да қоры аз. Ал цирконидің ең мол қоры Австралияда шоғырланған - әлемдік ресурстың шамамен 74%-ы. Циркония сияқты стратегиялық ресурс үшін өсіп келе жатқан жаһандық бәсекелестік Қытай билігінің алдына аталған ресурспен қамтамасыз ету міндетін қояды. Қытай ғалымдарының есеьі бойынша Қытай импорттайтын цирконидің негізгі үлесі қазіргі уақытта керамика мен сантехника өндірісінде қолданылады. Алайда, болашақта әскери және жоғары технологиялық салаларға, соның ішінде гиперсоникалық қару-жарақ пен атом энергетикасына басымдық беріледі. Дегенмен, Австралия АҚШ-тың одақтасы болғандықтан бұл ресурсқа таласта өзінің одақтасына бүйрегі бұратыны аайдан анық. Солай десек те Қытай Австралияның негізгі сауда серіктесі болғандықтан Австралия Қытайдың сұранысын қанағаттандырудан бас тарта алмайды. Сонымен қатар, циркония болашақта электр көлігі үшін қатты күйдегі литий-ионды батареяларды өндіруде қолданылатындықтан осы стратегиялық металға сұранысты одан ары арттырады. Бәсекелестіктің күшеюі аясында Қытай БРИКС экономикалық блогына кіретін Оңтүстік Африка және Индонезия сияқты басқа циркония өндіретін мемлекеттермен ынтымақтастықты дамытудың нұсқаларын қарастыруда.