Германияда сириялық босқындар үшін 100 мың жұмыс орны ашылды (виедо)
|
Германияда сириялық босқындар үшін 100 мың жұмыс орны бөлінді. Босқындар жергілікті жұмыссыздармен бірге мемлекет ұсынған қоғамдық жұмыстармен айналысады. Ал интеграциялық курстар мен тіл үйренуден бас тартқан босқындар әлеуметтік көмектен қағылуы мүмкін. Бұл неміс үкіметі мақұлдаған «миграциялық пакет» жобасының бір парасы ғана. Аталған заң Бундестагта алдағы күзге дейін қабылдануы тиіс. Айта кетейік, бұған дейін Германияға келген босқындар тұрғылықты жерге тұрақты рұқсатты 5 жылдан кейін ешбір кедергісіз алатын. Ал жаңа заң мерзімі шектеусіз виза алғандардың неміс қоғамына тез бейімделіп, неміс тілін меңгеруіне сеп болмақ. Томас де Мезьер,Германияның Ішкі істер министрі: - Бұл – Германиядағы интеграция туралы бірінші заң, болашақ үшін ең қажетті қадам. Ол елімізде ұзақ мерзімге қалғысы келетін адамдарға арналған. Біз бұл заң жобасын өткен жылдардағы кемшіліктерді саралай отырып жасадық. Босқындар мәселесі тезірек шешімін тапса деп ойлаймыз. Біз адамдардың тең дәрежелі қоғамда өмір сүргенін қалаймыз.
Еуропаға ағылған босқындар легі толастамай тұр (видео)
Бір ғана Италия аумағына теңіз арқылы күн сайын 3 мың мигрант келіп жатыр. Ал елдегі келімсектерді қабылдауға арналған орталықтарда орын жоқтың қасы. Елдің Ішкі істер министрі берген ақпарат бойынша мигранттардың басым бөлігі – Африка елдерінің азаматтары. Анджелино Альфано, Италияның Ішкі істер министрі -Егер босқындар орталықтан қашып кетпесе, оларды елдеріне қайтаруға болады. Еуропада арнайы орталықтар ашуымыз қажет. Бұл жерден олар оңайлықпен қаша алмайды. Тек үйлеріне қайту уақытын күтумен болады.