Германияда ниқабпен көлік жүргізуге тыйым салынды
Германияда ниқабпен көлік жүргізуге тыйым салынды
4 ай бұрын 506 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Германия аумағында бет-жүзін тұмшалап көлік жүргізуге тыйым салынды. Бұл жайында islam.kz порталы azertag.az ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. AZETAJ хабарлағандай, аталмыш ереже кәрі құрлықтағы аталған елдің федералдық конституциялық соты көлік жүргізгенде діни сенім бостандығыма қол сұғылды, деп шағымданған мұсылман әйелдің үндеуіне байланысты немесе жауап ретінде қабылданды. Сотқа шағымданған келіншек жеті жыл бойы никаб киіп, бетін жауып тұратын мұндай бас киімдерге тыйым салынғандықтан, автомектепті бітіре алмағанын, сонддай-ақ, ауылдық жерде тұратын жалғызбасты анаға жүргізуші куәлігі қажет екенін, десе де көлік жүргізу кезінде никабтан бас тарта алмайтынын мәлімдеген. Алайда, сот әйелдің уәжін жеткіліксіз деп тауып, көлік жүргізу кезінде бет-жүзді тұмшалаудың жол қозғалысы ережелерін бұзған жағдайда жүргізушіні кім анықтауға кедергі келтіретінін есіне салды.

0 пікір
Мұрағат