|
Германияда мүсінге айыппұл салынды
|
Германиядағы Карлсруэ қаласында майысқан Mercedes-Benz автомобилі түріндегі мүсінге тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынды.
Бұл туралы Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында пайдаланушы Sham Jaff жазды.
Айыппұл суретші Эрвин Вурмның жасаған мүсініне салынған. Түбіртекте қандай сома жазылғаны және бір бөлігі артындағы құрылыстың қабырғасында тұрған көлік үшін айыппұлды кім төлейтіні әзірге белгісіз болып отыр.
Эрвин Вурм өз шығармашылығында автомобильдермен талай рет жұмыс істеген. Мысалы, ол майыстырылған Volkswagen минивэнін құрастырған және «семіз» көліктер топтамасының авторы.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)