Германияда азаматтық алғандардың 4/1-нен көбі - сириялық босқындар
Германияда азаматтық алғандардың 4/1-нен көбі - сириялық босқындар
2 жыл бұрын 1099 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы Германия азаматтығын алғандар қарасы 28 пайызға артқан. Олардың төрттен бірінен көбін сириялық босқындар құрайды. Бұл жайында islam.kz порталы Arab News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Федералды статистика бюросы жариялаған есепке сәйкес 2022 жылы Германия азаматтығын 168 мыңға тарта адам алған. Олардың 48 300-і – сириялықтар. Бұл көрсеткіш 2021 жылғымен салыстырғанда екі еседен көп. Сириялықтардан кейін неміс азаматы атанғандар арасында саны жағынан түріктер тұр – 14 мыңнан асады. Ал үшінші орынға украиналықтар жайғасқан – 5600 адам. Аталған еуропалық елге ағылған мигранттар мен босқындар легі көбейсе де Германия билігі азаматтық алу процедурасын жеңілдетпек. Бұған қартаю процесіне байланысты демографиялық өсім тоқтаған елдегі жұмысшы күшінің жетіспеушілігі себеп болып отыр. Алайда, Германия азаматтығын алғысы келетіндер бірқатар талаптарды орындауы тиіс, атап айтқанда, неміс тілін ауызекі тілде білуі міндетті. Бұдан бөлек, Германияда кем дегенде 8 жыл тұрғанын әрі кіріс көзі барын растауы тиіс. Егер азаматтық алғысы келетіндер неміс тілін жетік білетін болса, сондай-ақ, қоғамдық өмірге белсене араласып, өзін жақсы жағынан көрсете білсе немесе кәсіби жетістікке жетсе, елде тұру мерзіміне байланысты жеңілдік қарастырылған, яғни, сегіз жыл емес, алты жыл тұрғанын растаса жетіп жатыр.

0 пікір
Мұрағат