Германияда 30 мыңға тарта босқын жоғалып кеткен
|
Аталған елдің ішкі істер министрлігі босқындардың биліктен бой тасалап жүр немесе өз еріктерімен елден кеткен деп есептейді. Нақтырақ айтқанда, неміс билігі елге келген босқындардан 30 мыңға тарта адамның қайда кеткенін білмейді. Бұл жайында Bild ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш ақпарат көзінің таратқан хабары мен келтірген мәоіметіне қарағанда, бұл босқындар Германия билігінен босқын мәртебесін беруді сұраған. Алайда, оларға босқын мәртебесі берілмегеннен кейін жоқ болып кеткен. RTVI телеарнасының дәйегі бойынша 2016 жылдың желтоқсан айында ел аумағын 54 мыңдай босқын тастап кетуі тиіс болған. Босқындардың23 мыңы ғана мемлекеттен жәрдемақы алатын. Қалғаны қайда? Белгісіз. Өткен жылдың ақпан айында неміс билігі ел аумағындағы 130 мыңға жуық мигранттың нақты қайда тұратынын білмеген. Бұл мигранттардың қайда тұратыны сол күйі анықталмай қалған еді.