Германия ЕО-тыс шетелдік білікті мигранттардың жұмысқа тұруын жеңілдетеді
Германия ЕО-тыс шетелдік білікті мигранттардың жұмысқа тұруын жеңілдетеді
1 жыл бұрын 1091 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Германия білікті мамандардың  тапшылығын тартып отыр. Осыған байланысты жыл сайын 1,5 млн мигрантқа мұқтаж. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде министрлер кабинетіне қарасты экономика сарапшылары кеңесінің жетекшісі  Моника Шнитцерге жөн сілтеген Deutsche Welle ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кадрларға деген қажеттілікті қанағаттандыру үшін Германияның басқарушы коалициясы Еуропалық Одақтан тыс елдерден білікті жұмысшыларды жұмысқа орналастыруды жеңілдету туралы шешім қабылдады. Ол үшін неміс тілін меңгерген немесе тапшы мамандықтардың бірінде жұмыс істейтін шетелдіктердің Германияға кіруіне рұқсат беретін, тіпті, жұмыс орны немесе арнайы білімінің бар-жоғын растайтын анықтамасыз қабылдауға мүмкіндік беретін заң жобасы әзірленді. Мигранттар аталған еуропалық елде кәсібіи біліктілігін арттыратын курстан өтеді.

0 пікір
Мұрағат