Германия балалар зейнетақысына ақша жинауды бастайды: бұл қалай жұмыс істейді
Германия балалар зейнетақысына ақша жинауды бастайды: бұл қалай жұмыс істейді
2 сағат бұрын 45 kaz.inform.kz Еркежан Смағұлова

KAZINFORM — Германия үкіметі жеке зейнетақы жүйесін реформалауды мақұлдады, оның ішінде жинақ шоты жүйесі «Ерте бастау» бағдарламасы (Frühstart-Rente) іске қосылады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі. 

Өзгеріс Германия зейнетақы жүйесінің үш тірегіне де әсер етеді: мемлекеттік, корпоративтік және жеке. Барлық табыс топтары үшін қолжетімді ерікті жеке жинақтарды кеңейтуге ерекше назар аударылады.

Германияның жеке зейнетақы жүйесі қалай өзгереді

Реформа аясында Германия субсидиялары бар жеке зейнетақыны қамтитын қазіргі зейнетақы жинақтау жүйесінен, Riester-Rente-ден бас тартты. Оның орнына инвестициялық тәжірибесі аз немесе мүлдем жоқ адамдарға арналған қарапайым және икемді жеке зейнетақы моделі қолданылады.

Реформаның негізгі жаңалығы — жоғары кірістілікке мүмкіндік беретін қатаң кепілдік талаптары жоқ инвестициялық зейнетақы шоты. Сонымен қатар, салымшылар салынған қаражаттың 80% немесе 100% кепілдендірілген кірісі бар зейнетақы өнімдерін таңдау мүмкіндігін сақтайды.

Германия зейнетақы жинақтарын қолдау тәсілін де өзгертті. Енді мемлекет азаматтар салған әрбір жарнаны толықтырады. Адам неғұрлым көп жинаса, белгіленген лимитке дейін соғұрлым көп қолдау алады.

Есептеу келесідей болады: алғашқы 1200 еуро жарна үшін мемлекет әрбір еуроға 0,30 цент қосады. Осы сомадан жоғары жарналар үшін мемлекет 0,20 цент қосады.  Жыл сайын ең көбі 1800 еуро жеке жинақтарды қолдауға болады. 2029 жылдан бастап алғашқы 1200 еуроға қосымша еуро үшін 0,35 центке дейін артады.

Германияда «балалар зейнетақысы» қалай жұмыс істейді?

Реформаның негізгі элементтерінің бірі Frühstart-Rente бағдарламасы. 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер үшін айына 10 еуро кепілдендірілген мемлекеттік жарнасы бар жеке зейнетақы инвестициялық шоттары ашылады. Бұл қаражат болашақ зейнетақы жинақтары үшін бастапқы капитал ретінде қызмет етеді және жаңа жеке зейнетақы жүйесіне инвестициялануы мүмкін.

Егер ата-аналар баласына зейнетақы шотын ашпаса, мемлекет қаражатты ортақ қорға жинақтайды. Бұл қаражат кейінірек баланың жеке зейнетақы шотына аударылуы мүмкін.

Жаңартылған жеке зейнетақы жинақтау жүйесінің іске қосылуы 2027 жылдың 1 қаңтарына жоспарланған. 2020 жылы туылған балаларға арналған Frühstart-Rente бағдарламасы бойынша төлемдер 2026 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Бастапқы кезеңде қамтылмаған басқа жас топтарын 2029 жылдан бастап бағдарламаға қосу жоспарланған.

Материалдың ағылшын тіліндегі түпнұсқасын мына жерден оқи аласыз.

Зейнетақы жүйесін реформалау зейнетке шығудың негізгі қағидаттарын да өзгертуі мүмкін.

Бұған дейін Германияда жаңа жылдан бастап міндетті медициналық сақтандыру қымбаттайтыны туралы жазған едік.

Еркежан Смағұлова

0 пікір
Мұрағат