Геосаяси ахуалға байланысты алтынға инвестиция артып келеді
|
Халықаралық инвесторлар алтынды тонналап сатып алып жатыр. Бұған әлемдегі геосаяси ахуалдың ушығуы мен Америка құрама штаттарындағы президент сайлауы секілді аса ірі саяси науқан себеп болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы белгісіздік жағдайында сенімді актив болып қалатын, яғни, құнын жоймайтын асыл тастың нарығына шолу жасап отыратын Bank of America деректеріне жөн сілтеген «Коммерсант» мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Emerging Portfolio Fund Research (EPFR) зерттеу нәтижесі халықаралық инвесторлар тарапынан алтынға деген сұраныстың күрт өскенін көрсеткен. Bank of America (EPFR мәліметтерін ескере отырып) есебіне сәйкес айналдырған бір апта ішінде (қазан айының 16-ы мен 23-і аралығында) алтын қорларына салынған инвестициялның таза мөлшері 3,2 млрд долларға жеткен, бұл шама бір апта бұрынғы көрсеткіштен 2,6 есеге артық және 2020 жылғы шілдеден бері қарай ең жоғары көрсеткіш. Халықаралық инвесторлар дамушы нарықтардан салған қаражатын қайтарып алуда, яғни, 7,2 млрд доллар жылыстаған, бұл шама 2020 жылдың сәуір айынан бері қарай рекордтық көрсеткіш. Қытай қаржысы 6,7 млрд долларды құрады - 2015 жылдың маусым айынан бері қарай болып көрмеген көрсеткіш. Алтын бағасы да шарықтап, жаңа рекордтық деңгейге жетті: спот нарығындағы бір унция үшін 2758 долардан асып түсті. Сарапшылар алтынның бір унциясы 3000 долларға жетуі мүмкін екенін ескертіп отыр.
Ұқсас материалдар:
Әлемнің орталық банктері қанша алтын сатып алды
Соңғы 10 жылда ең көп алтын жинаған елдер белгілі болды