Гана азаматы Қырғызстанда ислам дінін қабылдады
Гана азаматы Қырғызстанда ислам дінін қабылдады
10 жыл бұрын 3044

Қырғызстанның Шолпан ата елдімекенінде шілде айының 20-нан тамыз айының 1-ші күніне дейін созылатын сүңгуірлердің (водолаз) шеберлік дәрісінде әлемнің 13 елінен 15 адам тәжірибеден өтіп жатыр. Олардың арасында Гана республикасының өкілі, осы елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел әрекет ету ұлттық орталығының офицері жергілікті мешітке келіп, тілін кәлимаға келтірген. Бұл жайында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жанындағы сүңгуірлерді дайындайтын орталықтың жетекшісі Алмабек Айдакеев хабарлады. 30 жастағы шені майор шетелдік азаматтың тура жолға түсуіне хафиздердің бірі себепкер болса керек. Сөз арасында айта кету керек, Гана Республикасы – қандай да бір дінге артықшылық бермейтін зайырлы мемлекет. Алайда, ел конституциясында наным-сенім бостандығына кепілдік берілген. Дегенмен, Гана тұрғындарының дені христиан дінінде.

0 пікір
Мұрағат