Ғалымдарға қастық қылғандар қатаң жазаланатын болды
Ғалымдарға қастық қылғандар қатаң жазаланатын болды
6 жыл бұрын 3333 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иран билігі бұдан былай ирандық ядролық бағытта ұмыс істейтін ғалымдарға қастық қылғандарды аямауға бекініп отыр. Бұл жайында аталған елдің атом энергетикасы жөніндегі ұйымның жетекшісі әрі  вице-президент  Әлі Әкбар Салехи қатаң ескерту толы мәлімдеме жасады. Иран билігінің мұндай қадамға баруына 2012 жылдың қаңтар айында Политехникалық университеттің оқытушысы Мұстафа Ахмет Рошанға Тегеран қаласында жасалған қастандық түрті болған. Аты аталған ирандық ғалым автокөлігіне қойылған магниттік минадан көз жұмған еді. Қастандықтан опат болған 32 жастағы ғалым Натанзедегі атом нысанындағы коммерциялық мәселелермен айналысатын. Сондай-ақ, 2010 жылдың қаңтар айында Тегеран жоғарғы оқу орнының профессоры Масғұд Әлі Мұхаммед де өз үйінде қаскөйлердің қолынан қаза тапқан болатын. Ол да аса маңызды стратегиялық салада, дәлірегі, атом энергетикасы саласында жұмыс істейтін. Ол «елдің алдыңғы қатарлы атом ғалымы» аталып кеткен. Бұдан бөлек, Иран астанасында жарылыстан тағы бір ирандық ғалым мерт болған еді: қастандықтан көз жұмған Мәжит Шахриани де ядролық салада жұмыс істейтін. Иран билігі ғалымдардың өліміне Изарил мен АҚШ жансыздарын айыптап отыр. Олардың мақсаты – Иранның ядролық бағдарламасына кез келген жолмен тосқауыл жасауға саяды.

0 пікір
Мұрағат