|
Ғалымдар: Өзін жас сезінетін адамдар ұзақ өмір сүреді
|
Ғалымдардың пайымынша, адамдар өзін қанша жаста екенін сезінсе, сырт келбеті де сол жас шамасында болып көрінеді. Сондай-ақ мамандар өзін жас сезінетін адамдардың өмір жасы да ұзақ болатынын анықтады. Бұл жайында nur.kz порталы “Қазақпарат» агенттігіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
Белгілі болғандай, өзін жас сезіну адам өлімін 41 пайызға төмендетеді екен. Сөздеріне дәлел ретінде ғалымдар сегіз жыл бойы 52 жастан асқан 6 мың адамның арасында зерттеу жүргізген.
Еріктілер үш топқа бөлінді. Біріншісінде өзін биологиялық жасынан жас деп есептейтін адамдар болды. Екіншісінде ішкі жасы мен төлқұжаттағы жасы сәйкес келетін адамдар жиналды.
Ал үшінші топ өз жасынан ересекпін деп есептейтін адамдардан құрылды.
Нәтижесінде өзін жас сезінетіндер топтағы адамдардың 14 пайызы қайтыс болды. Ал басқа топтарда әр бесінші адам көз жұмған, деп жазады шетелдік БАҚ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Cаудия барлық шетелдік инвесторға капитал нарығын ашады
■
Әлемдегі алғашқы су тұшшыландыратын суасты қондырғысының ең басты артықшылығы неде?
■
Мұсылман елі Илон Масктың әлеуметтік желісіне тыйым салады
■
Цифрлы дәуір Марокконың діни қайраткерлерін қайта қалыптастыруда
■
Қытайда чат-боттарға эмоциясын білдіруге тыйым салады