|
Ғалымдар адам ағзасынан вичті шығарудың жолын тапты
|
АҚШ-тың Пенсильвания штатына қарасты Филадельфия қаласындағы Темпль медицина мектебінің ғалымдары адам жасушасын аса қауіпті ВИЧ-1 вирусынан тазартудың жолын тапқандарын мәлімдеді. Ғалымдар, сонымен қатар, адам ағзасын жасырын инфекциялардан да емдеу жолдарын қарастырып жатыр. Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланған мақалада ВИЧ-1 вирусын шығаруға арналған молекулярлық құралдың сипаттамасы берілген. Адам ағзасына енген вичтен құтылу осы уақытқа дейін мүмкін болмай келген еді әрі ұдайы емделуді қажет ететін. Әлемде 33 млн-нан аса адам ВИЧ инфекциясын жұқтырған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бір оператордың бақылауындағы дрондар немесе дрондар үйірін бір орталықтан басқаратын жүйе (видео)
■
Иран стратегиялық бұғазды экономикалық кіріс көзіне айналдыруды заңдастырады
■
Жапония азаматтық алу үшін елде тұру мерзімін 5 жылдан 10 жылға ұзартты
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды