Ғалым тәліптер мен әл-Каиданың басты айырмашылығы неде екенін айтты
Ғалым тәліптер мен әл-Каиданың басты айырмашылығы неде екенін айтты
3 жыл бұрын 3857 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Khwaja Tawfiq Sediqi / AP

Таяуда ғана ауған билігін қолына алған тәліптер радикалды қозғалысы мен әлемге әйгілі әл-Каида лаңкестік ұйымы (аталған екі ұйым да әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстан аумағында іс-әрекеті мен насихатына қатаң тыйым салынған) арасындағы айырмашылықтың неде жатқанын айтып берді Санкт-Петербор мемлекеттік университетінің кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі халықаралық қатынастар кафедрасының доценті Руслан Шамгунов lenta.ru ақпарат көзіне берген сұхбатында. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшының сөзіне қарағанда, тәліптер әл-каидалық содырларға қарағанда өз идеясын аса күштеп таңа бермейді, яғни, салыстырмалы түрде шектен шықпайды. Оның үстіне, әл-каидалықтарға қарағанда өркениет өлшемдерімен санасады. Тәліптер бұрын Ауғанстан аумағындағы әл-каидалықтарға қарсы майдан ашатынына әлем қауымдастығына уәде де берген болатын. Алайда, билікті басып алу кезінде түрмеден мыңдаған тұтқынды бостандыққа шығарған болатын. Олардың арасында әл-Каида содырлары да бар болатын. Десе де тәліптер әлем қауымдастығының өздерін мойындауына, қатынас орнатуға, тұралаған ауған экономикасына қаржы тартуға мұқтаж болғандықтан уақытша "қойдан қоңыр" болып көріну үшін тактикасын да өзгертуі мүмкін. 

0 пікір
Мұрағат