Ең қызығы, қыздың аналары бір-бірін бірнеше жыл бұрын балалар үйінде жолықтырғандары әлі естерінде екен. Олар сол кезде бір-бірімен хат алмасып тұрған. Алайда, екеуіне де жүз ұйықтасада қыздарының бір құрсақтан болуы мүмкін екені түстеріне кірмеген.
Аннаның анасы Кареннің айтуынша, ол Элланың суретіне қарап, өзінің қызына қатты ұқсайтынын айтқан. Кейіннен Карен Анна мен Элланың туған күні бір екенін біледі. Ал одан соң ол әлеуметтік желі арқылы қыздары әпкелі-сіңілі болып шығу мүмкін екенін жеткізеді. Ақырында жүргізілген ДНҚ-лық сараптамада күдіктері расталады.