Ғаламтор әр адамның игіліне айналуы тиіс
Ғаламтор әр адамның игіліне айналуы тиіс
10 жыл бұрын 3341

Бүкіл әлемдік ғаламтордың кәсіпқойы атанған Тим Бернерс-Ли Парижде өткен Le Web конференциясында сөйлеген сөзінде интернетті әр адамның игілігіне айналдыру мәселесін көтеріп, оны адам тұрмыс-тіршілігінің ажырамас бір бөлігіне айналдыру керектігін алға тартты. Сондай-ақ, ол адамзаттың мемлекеттердің техника мен технологияның осынау жетістігін пайдалануда кедергі жасалмауын талап етті. Тим Бернерс-Лиден кейін сөз алғандар да бұл мәселенің адам құқығына қатысты жағын қозғап, қандай да бір цензураның адамзаттың ғаламторды пайдалану мәселесінде асыра сілтеушілікке жол берілмеуі керектігін мәселе етіп көтерді. Сондай-ақ, ғаламтордың дамуына қатысты рейтингті түзетін Web Index өкілі ғаламторды пайдаланатындардың елу пайызы мекен еткен мемлекетте цензураның кесірінен толыққанды пайдалана алмай отырған жария етті. Олардың келтірген дерегі бойынша әлемде 4,4 млрд адам ғаламтордың не екенін білмейді. Бұл, әсіресе, шалғай түкпірлерде орналасқан ауылдық елді-мекендерге тән. Ал табыс мөлшері артып келе жатқан елдерде бұл көрскетікш артып келе жатыр: яғни, 45 пайыздан 78 пайызға дейін артқан. Дамушы елдерге келсек, он пайызға дейін артқан әрі дамыған елдермен салыстырғанда бұл көрсеткіш он пайызға кем болып шыққан.  Және соңғы уақытта, яғни, бір жылдың ішінде интернет пайдаланушылардың қарасы бес пайызға артқан.

 

 

0 пікір
Мұрағат