Ғаламдық проблемаға байланысты Таяу Шығыста өлім-жітім бірнеше есеге артады
|
Жаһандық жылыну қарқынынан күллі Таяу Шығыс аймағы бойынша Иранда ең жоғары өлім-жітім көрсеткіші тіркелмек. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Лондондағы гигиена және тропикалық медицина мектебі басқаратын халықаралық ғалымдардың зерттеу нәтижесіне сәйкес Таяу Шығыстағы елдер осы ғасырдың аяғында аптап ыстық толқынының ауыр зардаптарын тартады. Ғасырдың соңына қарай аймақтағы максималды температура Цельсия бойынша шамамен 50 градусқа жетуі мүмкін және осыған байланысты қазіргі көрсеткіштермен салыстырғанда аптап ыстықтан жыл сайын 60 есе көп адам көз жұмуы мүмкін. Дәлірегі, Иранда жылына 100 мың адамға шаққанда аптап ыстықтан 423 адам бақилық болады. Ал Палестинада бұл көрсеткіш – 100 мың адамға шаққанда 186 адам; Иракта – 100 мың адамға шаққанда – 169 адам; Израилде – 100 мың адамға шаққанда – 163 адам. Парсы шығанағына келсек, мұндай өлім-жітім Біріккен Араб Әмірліктері мен Катарда жоғары болады.
Ұқсас материалдар:
«20 жылдан соң Таяу Шығыс пен Африкада ауа температурасы 60 °C-қа көтеріледі» (https://islam.kz/kk/news/alem/20-jyldan-son-tayau-shygys-pen-afrikada-aua-temperaturasy-60-c-qa-koteriledi-15183/#gsc.tab=0)