Ғаламдық инвестициялық компания ақ нәсілді ерлерді жұмысқа қабылдауға шектеу қойды
Ғаламдық инвестициялық компания ақ нәсілді ерлерді жұмысқа қабылдауға шектеу қойды
3 жыл бұрын 1484 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

State Street — әлемдегі ең ірі инвестициялық компаниялардың бірі, жұмысқа тұруға өтініш берген адамның  қабілет-қарымын байқап көру үшін жүргізілетін сұхбаттасудан алдымен әйелдер (гендерлік теңдік принципі бойынша), сонсоң нәсілдік және этникалық азшылықты құрайтын топ өкілдері өтпейінше ақ нәсілді ерлерді басшылық орынға тағайындауға тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш компанияның кадр бөлімі осы мақсатта орта және жоғарғы буын менеджерлерін жұмысқа қабылдайтын, төрт-бес адамнан тұратын комиссия жасақтайды. Рекрутерлер ақ нәсілді ерлерді өзге жыныс өкілінің немесе басқа нәсіл адамының еңбекке қабілеті сай келмегенде ғана жұмысқа қабылдай алады. Егер ақ нәсілді адам жұмысқа қабылданып жатса, арнайы есепті ұсынуы тиіс: қандай қабілеті немесе қасиеті үшін жұмысқа алынғандығы турасында. Осылайша State Street компаниясы маман іріктеуде түрлі позиция ұстануға көшпек. 2023 ылға дейін аталған компания ақ нәсілді менеджерлерді қысқарту есебінен қара нәсілді және азиялықтарды басшылық қызметке тағайындауды мақсат етіп отыр. Егер бұл мақсат үддесінен шықпаса, бөлім басшысының бонусы кемиді немесе мүлдем берілмейді. Лондон қаласындағы инклюзивтілік, әралуандылық және корпоративтік бөлім жетекшісі Джесс МакНиколас мұндая кадрлық саясат топ менеджерлерді бағалаудың басты көрсеткішіне айналатынын мәлімдеді. State Street компаниясының әлемнің әр түкпірінде 30 кеңсесі бар, бұл компанияда 40 мың адам жұмыс істейді. Осылайша тарихи есесі кетіп, ғасырлар бойы кемсітушілікке ұшырап келген қара нәсілділерді көтермелеу, қолдау шаралары ақ нәсілділердің есебінен жүргізілетін болады. Мұндай жағдай бірінші рет орын алып отырған жоқ. Таяуда осыған ұқсас жайт Мичиганда (АҚШ) орын алды: Novant Health компаниясы Дебид Диуалды ақ нәсілді болғаны үшін жұмыстан қуған болатын. Алайда, өзінің ақ нәсілді болғаны үшін жұмыстан қуылғанын сотта дәлелдей алған Дебид осындай кемсітушілікке ұшырағаны үшін өзін жұмыстан қуған компаниядан 10 млн доллар моралдық өтемақы өндіріп алған еді. Бұл туралы кезінде NBC News ақпарат көзі мәлім еткен болатын. Дебид аталған компанияда маркетинг және коммуникация жөніндегі вице-президент қызметін атқарған, 2018 жылы Novant Health компаниясы оны жұмыстан шығарып, оның орнына бірі ақ нәсілді, екіншісі қара нәсілді екі әйелді жұмысқа қабылдаған еді.

0 пікір
Мұрағат