Ғаламдық апаттың алдын алуға адамзаттың бар-жоғы алты жылы ғана қалды
|
Британ ғалымдары «көміртегі бюджеті» деген ұғымның есебін шығарды – жаһандық жылыну қарқынын индустриялық кезеңге дейінгі Целсия бойынша ауа температурасынан 1,5 градустан асырмайтын көмірқышқыл газының атмосфераға бөліну мөлшерін есептеді. Бұл тараптағы есеп нәтижесі жаһандық жылынудың бетін қайтаруға адамзаттың бар-жоғы алты жылы ғана қалғанын көрсетіп берді. Яғни, алтын жылдан соң жаһандық жылынумен күресудің пайдасы шамалы болады. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Climate Change мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Лондон қаласындағы империялық колледж ғалымдарының зерттеу нәтижесі көрсеткендей, адамзат атмосфераға шамамен 250 гигатонна көмірқышқыл газын бөлген соң планетаның жылыну ықтималдылығы 50%-ға жетеді. Қазіргі атмосфераға бөлінетін (жылына 40 гигатонна) көмірқышқыл газының осы қарқыны сақталатын болса, 2029 жылы адамзат қатерлі межеге жетеді. Қазірдің өзінде ауа температурасы индустриялық кезеңге дейінгі кезбен салыстырғанда Целсия бойынша 1,1 градусқа жеткен.