Ғаламдық апаттан құтқаратын тың тәсіл табылды
Ғаламдық апаттан құтқаратын тың тәсіл табылды
3 жыл бұрын 2452 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Globallookpress.com

Әлемдік инвесторлар термоядролық синтез нәтижесінде алынған «жасыл» энергияның болашағы зор деп отыр. Энергия алудың мұндай технологиясы ғаламды экологиялық апаттан құтқаруы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Өткен жылы (2020 ж.) аталмыш технологияға 300 млн доллар қаржы құйылған екен, ал АҚШ билігі оның дамуына қосымша 4,7 млрд доллар бөліп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұрын ғалымдар термоядролық синтез көмегімен сутегі бомбасын жасаса, енді бұл технология «жасыл» энергия алу үшін пайдаланылады. Бұл технологияға ENI, Cenovus, Chevron секілді ірі инвесторлар қаржы құя бастады. Мәселен, Калифорния штатындағы TAE Technologies термоядролық энергия өндірумен айналысатын компания биыл (2021 ж.) бұл тарапта 130 млн доллар инвестиция тартқан екен. Ал британиялық First Light Fusion кәсіпорны өткен жылы термоядролық реактор құру үшін 25 млн доллар инвестиция тарта алған. Канадалық General Fusion компаниясы дәулетті Джеффа Безостың көмігемін Ұлыбритания аумағында 2025 жылға дейін іске қосылуы тиіс термоядролық энергия өндіретін зауыт құрылысын жоспарлап отыр.

0 пікір
Мұрағат