Футуристік ұшатын такси ұшу сынақтарының бірінші кезеңін сәтті аяқтады (видео)
Футуристік ұшатын такси ұшу сынақтарының бірінші кезеңін сәтті аяқтады (видео)
11 ай бұрын 927 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Archer компаниясы eVTOL Midnight сынағының бірінші кезеңінің сәтті аяқталғанын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы newatlas.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш компания жариялаған видеода жаппай өндіріске дайын eVTOL-дың ұшып көтерілуге, қалықтауға, айналуға және маневр жасауға, үдеу үшін винттердің қисаюын икемді түрде өзгертуге қабілетті екендігі көрсетілген. Archer компаниясы 2025 жылы электрлік әуе таксилерін коммерцияландыруды жоспарлап отыр. Ол үшін сертификаттаудың алдағы кезеңдерінде қалықтау режимінен круиздік режимге көшуді көрсетуі, авиациялық реттеушілерге ұшу қауіпсіздігін дәлелдеуі қажет. Келесі кезеңде Midnight өзінің алдыңғы алты винтін алға қарай еңкейтіп, сағатына 241шақырым жылдамдықпен 160 шақырымға дейін ұшуға мүмкіндік беретін тиімді қанатпен ұшу режиміне өтіп, қалықтау режимінен круиздік режимге көшкенін көрсетуі керек.

0 пікір
Мұрағат