Француз неоколониализімінен құтылған Африка елдері конфедерацияға бірікті
Француз неоколониализімінен құтылған Африка елдері конфедерацияға бірікті
6 ай бұрын 874 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Африка құрлығындағы француз неоколониализімінен құтылған үш ел, атап айтқанда, Мали, Нигер және Буркина-Фасо  мемлекеттері Сахел альянсы конфедерациясына бірігіп, тиісті хартияға қол қойды. Бұл арада интеграцияның ең жоғары деңгейі турасында сөз болып отыр – альянсқа мүше елдердің ортақ валютасы, экономикалық кеңістігі, қауіпсіздік жүйесі, ортақ сыртқы саясаты болады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тарихи оқиға Нигер астанасы – Ниамей қаласында болды. Құжатқа үш елдің президенттері қол қойды.  Конфедерацияны құру Малидегі, Нигердегі және Буркина-Фасодағы әскери төңкерістерден кейін мүмкін болды, нәтижесінде билік басындағы французшыл  ​​режимдер құлатылды. Көп ұзамай жаңа билік Батыс Африка мемлекеттерінің экономикалық қауымдастығы (ECOWAS) аймақтық ұйымынан шығатынын хабарлады. Осы тұста Африканың Сахел аймағы 12 елден тұратынын айта кетпекпіз.  Нигердің іс жүзіндегі көшбасшысы, Отанды қорғау жөніндегі ұлттық кеңесті (CNSP) басқаратын генерал Әбдірахман Тшиани Сахел мемлекеттері альянсын аймақтағы терроризммен күресетін жалғыз, шын мәніндегі тиімді ұйым, деп атады.

Неоколониализм - отаршылдық тәуелділіктен босатылған елдердегі өзінің үстемдігін жаңа, икемдірек әдістермен сақтап қалуға және олардың халқын қанауды жалғастыруға бағытталған империализмнің отаршылдық жүйесінің құлдырауы жағдайындағы империалистік мемлекеттердің егеменді елдерге таңатын тең құқылы емес экономикалық және саяси қатынастар жүйесі.[1] – Уикипедия электронды энциклопедиядан

0 пікір
Мұрағат