Франциядағы ата-аналар балалар арасында қатерлі ісікке шалдыққандар қарасының көбеюіне байланысты пестицидтерге тыйым салуды талап етуде
Франциядағы ата-аналар балалар арасында қатерлі ісікке шалдыққандар қарасының көбеюіне байланысты пестицидтерге тыйым салуды талап етуде
1 ай бұрын 649 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Кәрі құрлық пестицидті пайдаланудан зардап шегуде. Дәлірегі, балалар арасында қатерлі ісік дертіне шалдыққандар қарасы көбейіп кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Euronews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Псетицидтің ізі тұтыну тауарларынан, соның ішінде азық-түліктен, өсімдіктен, топырақтан, ауадан, тіпті, адам мен өзге де тіршілік иелерінің организмдерінен табылуда. Еуропалық одақ пестицидті пайдалану мөлшерін бірнеше жыл ішінде екі есеге қысқартуды көздеп отыр. Десе де пестицидті шектеуге жергілікті фермерлер мен пестицид өндірісіне мүдделі топтар (лоббистер) кедергі келтіруде. Соның ішінде агрохимиялық өнеркәсіп бұл талапты орындаудан бас тартып отыр. Europeans’ Stories  өкілдері Францияның батысында орын тепкен, теңіз жағалауы маңындағы дәнді дақылдар өсірілетін жазық даласы бар Шаранта өлкесіне аттанған екен. Пестицидтердің шектен тыс пайдаланудан балалар арасында обыр дертіне шалдыққандар көп әрі олардың кейбіреуі ауруынан айықпай көктей солған. Аталған аудандағы ауа сапасының датчигі 2019 жылы 33 пестицидті, 2021 жылы 41 пестицид тіркеліп, гербицид құрамы бойынша Францияда рекорд орнатқан. Қазан айында алты конурбация муниципалитетінің 72 баласына жүргізілген токсикологиялық талдаулардың нәтижелері жарияланды. «Балалар зәрінде пестицидтердің 14 молекуласы, ал шашында 45 молекула табылған. Олардың ішінде тыйым салынған бірқатар молекулалар табылған», - делінген хабарламада. Жергілікті тұрғындар синтетикалық пестицидтерді пайдалвнудан бас тартуды талап етуде. ЕО өз азаматтарын пестицидтердің улы әсерінен қорғай ала ма? «Пестицидтер туралы еуропалық заңнама әлемдегі ең үздіктердің бірінен саналады, алайда, оның талаптары тиісті деңгейде орындалмайды», - дейді Еуропаны пестицидтен азат ету туралы әлеуметтік желідегі қозғалысқа қосылған PAN Europe компаниясының атқарушы директоры Мартин Дермин.

0 пікір
Мұрағат