Францияда пластик құтыдағы суды тұтынуға тыйым салынуы мүмкін
Францияда пластик құтыдағы суды тұтынуға тыйым салынуы мүмкін
1 ай бұрын 877 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Францияда пластикті қолдануды қысқартудың түрлі схемалары бар. Десе де француздар мұнымен ғана шектеліп қалмай, бұл бағытта одан ары қадам жасау үшін пластик құтыдағы суды пайдалануға тыйым салу қарастырылған заң жобасын дайындады. Бұл жайында islam.kz порталы еurointegration.com.ua ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Франция президенті Еммануел Макронның «Түлеу» партиясының мүшесі, депутат Пьер Казенев осы аптада 50 мл-ден кем су құйылған шөлмектерді саудалауға тыйым салатын заң жобасын енгізді.  Оның айтуынша, 33, 25 және 17 мл су сиятын пластик шөлмектердегі үш-төрт жұтым судың өзі 20-25 грамм микропластик кездеседі. Францияда жыл сайын кем дегенде 13 млрд пластик шөлмек өндіріледі. Олардың дені қайта өөңдеуден өтпейтіндіктен теңіз бен мұхитты, қоршаған ортаны ластайды. Бұған дейін бір жолғы пайдаланылатын пластик бұйымдарға тыйым салынған еді. 

0 пікір
Мұрағат