Францияда алғаш рет дін парыздарын орындайтын мұсылмандар қарасы діни рәсімдерін атқаратын католиктерден асып түсті
Францияда алғаш рет дін парыздарын орындайтын мұсылмандар қарасы діни рәсімдерін атқаратын католиктерден асып түсті
1 жыл бұрын 1081 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Франция тарихында намаз оқитын, ораза ұстайтын және өзге де дін парыздарын орындайтын мұсылмандар қарасы діни рәсімдерін атқаратын католиктер санынан асты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінеде pravlife.org және serbiantimes.info дерек көздеріне жөн сілтеген христиандардың inVictory мегасайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш ресми мәліметті Insee ұлттық статистика институты келтірген. Осынау әлеуметтік есеп көрсеткішіне байланысты фпанцуздардың оңшыл саясаткері әрі сарапшысы Дамиен Рие бұл өзгерісті «тарихы мезет» деп атады. Бұл арада нақтылай түссек, статистикада құлшылығын қаза қылмайтын 18-59 жас аралығындағы мұсылмандар мен католиктер қамтылған. Бүгінде Франция аумағындағы 68 млн тұрғынның 19 млн-ы шетелдіктер, олардың дені – мұсылмандар.

0 пікір
Мұрағат