Франция халқының тең жартысы жалдамалы пәтерде тұрады
Франция халқының тең жартысы жалдамалы пәтерде тұрады
6 жыл бұрын 2179

Франция халқының тең жартысы жалдамалы пәтерде тұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің ұлттық статистика ұйымының мәліметі осындай.

Тіпті, мамандардың пікірінше, пәтерді жалға беру нарығы одан әрі дамып келеді. Елді мекендердегі тұрғындар жаппай ірі шаһарларға қоныс аударса да олардың көбі пәтер сатып алуға да асықпайтын көрінеді. Франция астанасы Парижде жылжымайтын мүліктің бір шаршы метрі - 10 мың еуро тұрады. Мұндай бағаны көпшіліктің қалтасы көтермейді. Сол себепті, жалдамалы пәтерге сұраныс көп. Оның үстіне, жергілікті заң бойынша жалға тұрушыларды пәтерден шығарып жіберу де оңай іс емес. Сондықтан бұл қарапайым халық үшін өте ыңғайлы.

Марин Клат, жылжымайтын мүлік агенттігінің басқарушысы: - Әрине, әр адам өзімнің үйім болса деп армандайды. Оған қоса, ел аралап демалып, өмірдің рахатын да көргісі келеді. Алайда, жеке баспана үшін осының бәрінен бас тарту мүмкін емес. Жалпы Франция бойынша 35 млн баспана бар. Статистика бойынша жыл сайын оның 1 миллионы ғана сатылады.

Марин Клат, жылжымайтын мүлік агенттігінің басқарушысы: - Бүгінде Парижде пәтер сатып алу үшін бір шаршы метрге 10-13 мың еуро төлеу керек. Жалдау үшін 15 шаршы метрлік пәтерге айына 600 еуро жұмсалады. Ал 90 шаршы метр 3 бөлмелі пәтер құны 2 мың еуроға дейін жетеді. Франция билігі «баспананы жалға берушілерді ұлттық экономиканың дамуына үлес қосатындардың қатарында» дейді.

Айтуынша, шағын бизнесті дөңгелетіп отырғандар өз инвестициясымен әлеуметтік мәселені шешеді. Жылжымайтын мүліктің құны нарыққа байланысты өсіп отырады. Соңғы 10 жылда ол екі есеге қымбаттаған. Ал жалдамалы пәтердің бағасы заңмен қатаң қадағаланып, жылына 3% артпайды.

0 пікір
Мұрағат