Франция әскери бюджетіне қыруар қаржы бөлді
|
Франция әлемдегі геосаяси ахуалдың ушығуына байланысты (Ресейдің Украинаға басқыншылығы, Қытайдың Тайуанға басып кіру қатері, т.б.) қауіпсіздік пен қорғаныс саласын осы заманғы технология көмегімен мейлінше күшейту үшін әскери бюджетке 431 млрд еуро бөлді. Бұл қаражат өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 100 млрд еуроға көп. Бұл жайында islam.kz порталы Euronews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соның ішінде соққы беруші беспилотниктер мен ғарыштық әскери технологияны дамытуға жүздеген млрд еуро жұмсалады. Францияның қарулы күштер министрі Себастиян Лекорниудің айтуынша, елдің әскери бюджетіне бұрын мұндай қаржы бөлінбеген. АҚШ биыл қорғаныс бюджетіне 858 млрд доллар қаржы бөліп отыр.
Оқи отырыңыз:
«Жапония серіктес елдерге әскери көмек көрсету жүйесін әзірлемек» https://islam.kz/kk/news/alem/japoniya-seriktes-elderge-askeri-komek-korsetu-juiesin-azirlemek-18382/#gsc.tab=0)