Франция Алжирдің заңды талабын орындаудан бас тартып отыр
Франция Алжирдің заңды талабын орындаудан бас тартып отыр
4 жыл бұрын 2345 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

1960-шы жылдары Алжир Францияның отары болып тұрғанда аталған араб елі аумағында, дәлірегі, Сахара шөліндегі Регган полигонында 17 ядролық қару сынақтан өткізілді. Отаршылдың ойранынан әлі күнге зардап шегіп келе жатқан алжирліктердің бірнеше заңды талабын орындаудан Франция бас тартып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы Алжирдің сыртқы істер министрі Сабыр Бұқадымның Twitter әлеуметтік желідегі жазбасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Алжир дипломатиясының жетекшісінің келтірген дерегіне қарағанда, Алжир аумағында өткізілген ядролық жарылыстың қуаты 70 килотоннаны құраған, яғни, бұл көрсеткіш Жапониядағы Хиросимаға тасталған атом бомбасынан 3-4 есе жоғары. Оның зардабын жергілікті халық әлі тартып келеді. Өздеріңіз білесіздер, радиоактивті сәуленің қатерлі әсері бірнеше ғасыр бойы жойылмайды. Алжирліктер осыған байланысты Франция билігінен радиоактивті қалдықтарды зарарсыздандыруды, радиациядан зардап шеккендерге өтеақы төлеуді талап етіп келеді. Талап етіп келе жатқанына жарты ширек ғасырдан астам уақыт өтті. Франция билігі мізбақпайды. Ол ол ма, алжирліктердің айыбын негізсіз санап, талаптарын орындаудан бас тартып отыр. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Франция 1960-1996 жылдар аралығында ұзын саны 210 ядролық қаруды сынақтан өткізген екен. Олардың жалпы жарылыс қуаты 13 мегатоннаға жетеді.

0 пікір
Мұрағат