Финляндия полициясы жасөспірімдерді жағажайдан үркіту үшін классикалық музыка ойнатады
Финляндия полициясы жасөспірімдерді жағажайдан үркіту үшін классикалық музыка ойнатады
7 ай бұрын 594 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Хелсинки маңындағы Еспу қаласының полициясы оқу жылының аяқталуын тойлап жатқан жасөспірімдерді жағажайдан үркіту үшін классикалық музыканы пайдаланады. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы уақытта жастар жағажайларда жиі кеш өткізіп, қоқыс тастап, жергілікті тұрғындардың мазасын алады. Оларды қорқыту үшін полицейлер бірнеше жылдан бері әдеттен тыс осы әдісті қолданып келеді. Классикалық саз жасөспірімдер үшін зеріктіретін, түсініксіз әлем ретінде олардың көңіл көтеру ниетін төмендететін болып шықты. Осыны ескерген жергілікті тәртіп сақшылары осындай өзгеше қулыққа баруға мәжбүр. Кеш бата үлкен динамиктерден, дауыс зорайтқыштардан классикалық музыка ойнайды. Биылғы плейлистке Иоган Штраустың «Әдемі көк Дунайда», Антонио Вивалдидің «Төрт мезгіл» және Франц Шуберттің «Аве Мария» туындылары кірген. Полиция қызметкері Микко Жувоненнің айтуынша, мұндай шаралар басқа елдерде де қолданылып, нәтижелі болған: жасөспірімдер ойын-сауық үшін басқа жер іздегенді жөн көреді.

0 пікір
Мұрағат