|
Финляндия азаматтық туралы заңды күшейтеді
|
KAZINFORM — 2025 жылғы 17 желтоқсаннан бастап Финляндияда азаматтық алуға қойылатын талаптарды едәуір күшейтетін жаңа заң күшіне енеді, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.
Мемлекет басшысы Александр Стубб «Ұлттық коалиция» партиясы басқаратын үкімет әзірлеген түзетулерді бекітті.
Жаңа өзгерістерге сәйкес, азаматтыққа өтініш берушілердің тұрақты табысы болуы міндетті. Жұмыссыздық немесе әлеуметтік жәрдемақы алатын адамдар фин азаматтығына үміткер бола алмайды. Егер соңғы екі жылда үміткер үш айдан астам уақыт бойы мұндай көмек алған болса, оның өтініші қабылданбайды.
Сондай-ақ, заңда мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделеріне қауіп төндіретін қылмыстар — терроризм, опасыздық және мемлекетке опасыздық секілді әрекеттер үшін азаматтықтан айыру мүмкіндігі көзделген. Қос азаматтығы бар тұлғалар үшін азаматтықтан айыруға негіз болатын жаза мерзімі бес жылдан екі жылға дейін қысқартылды. Бұған қоса, жалған ақпарат бергендер де азаматтықтан айырылуы мүмкін.
Бұл шаралар 2023 жылы басталған көші-қон саясатын реформалаудың бір бөлігі. Бұған дейін Финляндия парламенті азаматтық алу үшін елде тұру мерзімін бес жылдан сегіз жылға дейін ұзартқан еді.
Жаңашылдықтар Хельсинкиде наразылықтар мен жаппай демонстрацияларға себеп болды.
Айта кетелік, Финляндияда жұмыссыздық көбейіп баратыны туралы жазған едік.
Назым Бөлесова
Германияда мигранттар ең көп жұмыс істейтін мамандықтар анықталды
KAZINFORM — Германияда мигранттар жиі таңдайтын кәсіби бағыттар аталды, деп хабарлайды DW агенттігі.
Германияның Федералдық статистика басқармасының мәліметтеріне сәйкес мигранттар немесе олардың балалары көбінесе дәнекерлеуші болып жұмыс істейді. Белгілі болғандай, осы саладағы мамандардың 60%-ы мигранттар көрінеді.
Сондай-ақ, олар аспаздық немесе тамақ өндірісінде қызмет атқарады(54%), құрылыс баспалдақтарын құрады (48%), қоғамдық көлікті жүргізеді (47%), ет өңдеумен айналысады (46%) немесе қоғамдық тамақтану саласында қызмет көрсетеді (45%).
Бұдан бөлек, басқа елден келген азаматтар – пластмасса және резеңке өндірісі (44%), қонақүй бизнесі (40%), жүк көлігін жүргізу (39%), металл өңдеу (37%), қарттарға күтім жасаумен (33%) айналысады.
Мына салаларда мигранттардың үлесі өте аз:
полицияда – бар болғаны 7%;
жедел жәрдем және төтенше жағдай қызметкерлері арасында – 8%;
мемлекеттік және сақтандыру мекемелерінде, бастауыш сынып мұғалімдері мен заңгерлер арасында – әрқайсысы 9%;
салық қызметінде жұмыс істейтіндердің ішінде – 10% ғана мигранттар немесе олардың балалары.
Бұдан бұрын Грекия аралдарына келіп жатқан мигранттар саны күрт артқанын жазған едік.
Ал 2026 жылдан бастап Чехия мигранттар мен босқындарға қатаң талаптар енгізеді.
Айнұр Тумакбаева