FG N300 млрд қаражатқа сукук шығару арқылы ірі жобаларды жүзеге асырмақ
|

Африка құрлығындағы мұсылмандар саны бойынша көш бастаған Нигерия билігі, дәлірегі, федералды үкіметі 300 млрд найр (нигериялықтардың ұлттық валютасы – ред.) тәуелсіз сукук есебінен қаржыландырылатын аса ауқымды, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға ден қойып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Sunday Trust ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нигерия федералдық үкіметінің (FGN) 300 миллиард найрға VII сериялы тәуелсіз сукук шығару бойынша инвесторламенр кездесуінде осындай мәлімдеме жасаған қарызды басқару басқармасының (DMO) бас директоры Пейшенс Ониха Нигерияның сукукті қаржыландыруда зор жетістікке жеткенін, дәлірегі, оның қазіргі траншта 300 миллиард найрға дейін өскенін атап өтті. Оның айтуынша, қаражат ел бойынша жолдар мен көпірлер салудағы маңызды жобаларға бағытталатын болады. Бұл шара өз кезегінде үкіметтің экономика өсімі мен дамуы бағдарламасын қолдауға көмектеседі. DMO басшысы сукуктың федералды үкіметтің жылдық бюджетінде бекітілген ішкі займдардың бір бөлігіне жататынын түсіндірді, сондықтан заң тұрғысынан қосымша мақұлдау қажеттілігі болмайды. Дегенмен, ол бюджеттік ассигнованияларды сукукпен қаржыландыру талаптарына сәйкес келетін жобаларға бөлу қажеттілігін атап өтті, себебі, бұл жайт басты шектеу болып қалуда. «Біз көріп отырғанымыздай, сұраныс нарығы өсті. Енді бюджетке Сукук арқылы қаржыландырылатын көптеген жобалар енгізуіміз керек. Бұл заңмен шешілетін мәселе», - деді ол. Ол, сондай-ақ, үкіметтің сукук арқылы кіріс әкелетін жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспары барын да жасырмады - егер мұндай жобалар негізгі соманы да, осы құралмен байланысты жалгерлік міндеттемелерді де өтей алса болашақта бұл тараптағы жоспар іске асырылуы ықтимал. Сукуктарды жиі шығаруға қатысты қойылған сауалға DMO жетекшісі бұл процестің көп ресурсты қажет ететінін әрі бірнеше құзырлы орынның, соның ішінде Нигерияның орталық банкінің және ислами қаржы саласындағы шетелдік сарапшылаардың келісімін талап ететінін, сол себепті, сукукті жиі шығару ісінің машақатқа толы екенін, тиімсіздік танытатынын да жасырмады.




