Фермерлердің маймылдарды құл ретінде қара жұмысқа жегіп келгендері әшкере болды
Фермерлердің маймылдарды құл ретінде қара жұмысқа жегіп келгендері әшкере болды
4 жыл бұрын 3941 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тайландта сауда-саттық министрлігі, кокос плантациясының қожайындары және мектеп өкілдері маймылдарды кокос жаңғағын жинауда пайдаланғаны үшін халықаралық жануарларды қорғау ұйымдарының алдында жауап беруіне тура келіп отыр. Бұл жайында Bangkok Post ақпарат көзі хабар таратты. PETA Asia жануарларды қорғау ұйымының өкілдерінің мәлімдеуінше, тайландтық фермерлер маймылдарды құл ретінде пайдаланып, ұрып-соққан. Осы сорақылыққа байланысты әлем қауымдастығын тайландта өндірілген кокс сүтін тұтынуға байкот жариялауға шақырып отыр. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, арнайы топ жабайы табиғатта макак маймылдарын аулап, күніне мыңға дейін кокос жаңғағын жинауға жеккен. Ал адам күніне ары кетсе, шамамен 80 какос жаңғағын жинай алады. Одан артық жинауға шамасы келмейді. Жануарлар құқығын қорғаушылардың сөзіне қарағанда, аталған ел аумағында ну жыныс орманда ауланған маймылдарды жеміс теруге әрі туристердің көңілін көтеру үшін баскетбол ойнауға, велисопед тебуге үйрететін сегіз мектеп анықталған. Маймылдарды автокөліктің пайдаланусыз қалған ауыр дөңгелектеріне шынжырлап байлайды немесе тар торға қамап ұстаған. Кокос жаңғағы өсірілетін әлемнің өзге түкпірлерінде, атап айтқанда, Бразилия, Колумбия және Гавай аралдарында тракторға орнатылған гидравликалық құрылғылардың көмегімен, өз еркімен көмектесушілердің жәрдемімен жиналады. Тіпті, соңғы уақатта палмаға өрмелеп шықпау үшін жатаған көшеттер отырғызылып жатыр. Жануарлар құқығын қорғаушы ұйымдардың бұл дабылы әлем жұртшылығын елең еткізді. Солардың ішінде, Ұлыбританиядағы Waitrose, Ocado, т.б. компаниялар қандай да бір шара қолдануы мүмкін. Соған қарамастан, сарапшылардың есебінше, кокос сүтінің әлемдік нарық айналысы аз жылдың ішінде жеті пайызға артпақ. Аталмыш өнімге деген сұраныс Солтүстік Америкада, Батыс Еуропада өте жоғары. Кокос сүтін денсаулыққа пайдалы азық ретінде тұтынады. Кокос сүті жануар сүтіндегі ақуызға аллергиясы барлар тарапынан жоғары бағаланады. 2023 жылға қарай кокос сүтінің әлемдік нарық айналымы 2,3 млрд доллардан аспақ. Кокос өнімдерін өндіруші елдер қатарында АҚШ, Бразилия, Австралия, Филиппин және Үндістан бар. Тайланд та кокос өнімдері бойынша алдыңғы қатарлы елдердің бірі. Сол себепті, Тайланд билігі жергілікті фермерлердің маймыл еңбегін пайдаланған әрекетіне көз жұма қарап отыр. Үйретуші мамандардың айтуынша, макак маймылы табиғатынан кокос жаңғағын теруге бейім жануар. Адамға қарағанда маймылдар ағашқа жақсы өрмелейді. Оның үстіне, фермерлер өздері еңбегін пайдаланатын маймылдарды күніне үш мезгіл жеміспен, сүтпен азықтандыратынын алға тартып ақталып әлек. Сөйтсе де жақын арада шетелдік дипломаттар кокос плантацияларын аралып, мамылдардың жағдайын өз көздерімен көріп қайтуға бел буып отыр. 

0 пікір
Мұрағат