Федералды тергеу бюросы қытай қолданбаларынан бас тартуға шақыруда
Федералды тергеу бюросы қытай қолданбаларынан бас тартуға шақыруда
1 сағат бұрын 33 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Stephane Mahe / Reuters

Федералды тергеу бюросы (Америка құрама штаттары) смартфондағы қытай қолданбалары мен қосымшаларын пайдаланудан бас тартуға шақырды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған құзырлы органның ресми сайтына жөн сілтеген ресейлік Лента ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазіргі уақытта смартфондарға арналған көптеген танымал қосымшалар Қытайдан әзірленеді және жиі қолданылады. Құқық қорғау агенттігі пайдаланушыларды ең алдымен АҚШ билігінен Қытайда жасалған қосымшаларды алып тастауға немесе олардың қажеттілігін немесе маңыздылығын бағалауға шақырды.  Мұндай бағдарламалар «Қытайдың ұлттық қауіпсіздік туралы кең ауқымды заңдарына» сәйкес әзірленген, осылайша Қытай билігі жергілікті пайдаланушыларды қадағалауға мүмкіндік алады. Ал шетелдік пайдаланушыларға тыңшылық жасауы мүмкін. Егер бағдарлама алмастырылмайтын болса, онда агенттік ең болмағанда оның зәрулігі жоқ құқықтарын шектеуге - мысалы, қоңырауларға және SMS-ке жолдарын өшіруге шақырды. ФБР атап өткендей, мұндай ескерту iOS және Android сияқты екі платформа пайдаланушыларына да қатысты.

0 пікір
Мұрағат