Факт және статистика (елдер)
Факт және статистика (елдер)
10 жыл бұрын 4464

Индуизм наным-сенімінде сиыр қасиетті мал саналатындықтан осы наным-сенімдегі адамдар оның етін ауызға алмайды, терісін, мүйізін пайдаланбайды. Индуизм отаны саналатын Үндістанда байлықтың, баршылықтың бастауы саналатын сиырды өлтіруге, союға қатаң тыйым салынған. Десе де, мына кереғарлыққа қараңыз: әлем бойынша Үндістан сиыр етін экспорттауда және оның етін тұтынуда бесінші орынға табан тіреген. 

2008 жылдан бері Қытай ғаламторға тәуелділік бойынша бірінші орынды бермей келеді. Аталмыш ел билігінің есебіне қарағанда, 2008 жылы бұл елдегі 17 жастағы жасөспірімдердің 17 пайызынан көбісі ғаламторға тәуелді болған. 

Әлемдегі тұтқындардың 25%-ы АҚШ түрмелерінде жазасын өтеп жатыр. Бұған қоса, бұл елде жылына 12 млн-ға жуық қылмыс жасалады.

Жапонияда жылына орташа есеппен алғанда 1500 зілзала болады екен.

Әлемдегі халқы жас мемлекет ретінде Нигерияны атауға болады. Аталған ел тұрғындарының шамамен 50 пайызын 15 жасқа толмағандар құрайды.

Халқының тығыз орналасуы бойынша ең төменгі көрсеткіш Монғолияда тіркелген. Бұл елде 1,5 шаршы шақырымда бар-жоғы 4 адамнан өмір сүреді. Ал халқы ең тығыз Гонконгта 1,5 шаршы шақырымда 340 мың адам өмір сүруге мәжбүр.

Науру — халқының басым көпшілігі семіздік індетіне шалдыққан. Тұрғындардың 95 пайызы артық салмақтан зардап шегіп келеді. 

0 пікір
Мұрағат