ЭЫДҰ елдері жасанды интеллекті технологиясын пайдалану қағидаларын бірауыздан мақұлдады
ЭЫДҰ елдері жасанды интеллекті технологиясын пайдалану қағидаларын бірауыздан мақұлдады
6 жыл бұрын 2459 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Экономиикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше 36 елдің барлығы жасанды интеллекті технологиясын пайдаланудың бірыңғай қағидаларын мақұлдады. Бұл жайында Reuters ақпарат ресурсы хабар таратты. Аталмыш ұйымның бас хатшысы Анхель Гурриа мақұлданған ереже өз кезегінде пайдаланылатын жасанды интеллекті жүйесінің ашықтығын талап ететінін мәлімдеді. Соның ішінде бұл технологияны қызметінде пайдаланатын компаниялар аталмыш жүйенің жұмысы жайында жеткілікті ақпарат беріп отыруы тиіс. «Жасанды интеллекті технологиясы сенімділік тудырғанымен оның кейбір этикалық проблемалары бар... Жасанды интеллекті жүйесінің сенімділігіне қатысты мәселелер бар, соның ішінде адамның жынысы мен нәсіліне байланысты керітартпа көзқарас белең алуы ықтимал немесе адам құқығы бұзылып, жеке басының өміріне қол сұғылуы мүмкін»,- деді Анхель Гурриа бұл мәселеде неден қауіптенетін түсіндіре келе. Десе де бірауыздан мақұлданған қағидалардың орындалуы міндетті емес, олардың нұсқаушылық сипаты басым. Осы жылдың соңына таман бұл қағидалар Жапонияда өтетін «Үлкен жиырмалықтың» (G20) жиынында қарастырылады. Наурыз айында қытайдың Baidu технологиялық компаниясының бас директоры Робин Ли Қытай билігін жасанды интеллекті технологиясын пайдаланудың этикалық аспектілерін әзірлеуге шақырған болатын.

0 пікір
Мұрағат