Эвтаназияға қатысты референдум өтті
Эвтаназияға қатысты референдум өтті
4 жыл бұрын 2752 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ем қонбайтын, соған байланысты беті бері қарамайтын науқастарды жан төзгісіз азаптан  құтқару үшін олардың өз келісімімен өмірін қиюды жақтап тұтас ел тұрғындарының  65%-ы дауыс берді. Жаңа Зеландияда өткен аптада эвтаназияны заңдастыруға қатысты өткен жалпы халықтық референдум нәтижесі осындай. Бұл жайында islam.kz порталы ағылшын тілінде хабар тарататын The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Хабарға қарағанда, аталмыш референдум нәтижесі қараша айының 6-ы күні жарияланады. Егер эвтаназияны заңдастыруды жақтайтындар үлесі басым түссе, эвтаназияны қолдануға рұқсат ететін заң бір жылдан соң қолданысқа енеді. Осылайща әлем эвтаназияны қолданатын тағы бір елмен толығатын болды. Эвтаназия процедурасы алты ай бойы азап шектірген ауруынан айыға алмаған, осы елдің азаматы болып табылатын науқастарға ғана қолданылады. Сондай-ақ, дәрігерлерге эвтаназия туралы пациенттерге бірінші болып ұсынуға тыйым салынады, заң талабы бойынша. Алайда, эвтаназияны жүзеге асыруға дәрігерлерді мәжбүрлеуге де жол берілмейді. Заң талаптары бойынша бұл процедураны дәрігер өз келісімімен жасауы тиіс. Бұған қоса, аталмыш процедураны жүзеге асыруға кем дегенде екі дәрігер келісімі керек. Ал эвтаназия процедурасы қолданылатын науқастың жасы 18-ден кем болмауы тиіс. Осы орайда эвтаназия процедурасы Швейцария, Ғанада, Нидерланды елдерінде заңдастырылғанын тағы бір мәрте естеріңізге сала кетеміз. Қазіргі уақытта Ұлыбритания да эвтаназияны заңдастыруды қарастырып, талқылап жатыр.

0 пікір
Мұрағат