Эвтаназия заңдастырылған елдер қатарына тағы бір мемлекет қосылды
Эвтаназия заңдастырылған елдер қатарына тағы бір мемлекет қосылды
4 жыл бұрын 3867 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Испания конгресінің депутаттары (ел парламентінің төменгі палатасы) эвтаназияны заңдастыруға дауыс берді. Аталған заң жобасын 350 депутаттың 198-ы қолдаған. Бұл жайында islam.kz порталы El Pais ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған заң жобасыннда қарастырылған талаптар бойынша дәрігердің көмегіне тек айықпас ауруға шалдыққан әрі ауру азабы жан шыдатпаған науқастар ғана жүгіне алады. Сондай-ақ, аталған заң талабы бойынша эвтаназия процедурасына елдің кәмелет жасына толған ересек азаматы немесе осы елде тұруға ықтиярхаты бар азамат өтініш бере алады. Ол өзінің шешімін кем дегенде төрт рет растауы тиіс. Ол кез келген сәтті өз шешімінен бас тарта алады немесе кейінге шегере алады. Оны арнайы комиссия бақылауына алады. Әзірге бұл заң түпкілікті қабылдана қойған жоқ. Конгрес қабылдаған күннің өзінде оны сенат қарайды. Егер сенат мақұлдаса, аталмыш заң 2021 жылдың алғашқы жартысында қолданысқа енеді.

0 пікір
Мұрағат