ЕВРЕЙЛЕР ЖАППАЙ ИСЛАМ ДІНІН ҚАБЫЛДАУДА
ЕВРЕЙЛЕР ЖАППАЙ ИСЛАМ ДІНІН ҚАБЫЛДАУДА
9 жыл бұрын 5515 e-islam

Франция иудейлерінің көшбасшысы өз дінінің көптеген өкілдері ислам дінін қабылдап жатқанына алаңдайтынын мәлімдеді.

"Arutz Sheva" израилдік басылымның хабарлауынша, ислам дінін көптеген иудейлер отбасыларымен толық қабылдағаны туралы деректер бар. "Бұл Франциядағы мұсылман қауымдастығының үгіт-насихат жұмыстарынсыз болуы мүмкін емес", деп санайды бас раввин.

Иудей орталығы бұл құбылыс мұсылман уағызшыларының еврейлермен тез тіл табысып, ортақ түсіністік орнауымен, еврейлерге тарихи деректер арқылы ислам қабылдауға алып келетінін мәлімдеді. Иудей қауымдастығы осы жағдайлардың алдын алу үшін ислам дінін қабылдауға көңілі ауған еврейлерге арнап тікелей желі де ашқан.

Сонымен қатар, Францияда еврейлердің ислам дінін қабылдауымен қоса Израилге қоныс аударғандар саны да арта түскен. Мәселен, 2014 жылы 6 000-ғ жуық француз иудейі Израилге кеткен болса, 2015 жылы – 8 000-нан аса еврей өз отанына оралған. 

0 пікір
Мұрағат