Еврейлер... еврейлерге қарсы шықты (видео)
Еврейлер... еврейлерге қарсы шықты (видео)
7 жыл бұрын 7719 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жуырда Шешенстан басшысы Рамазан Қадыров Құдыс қаласындағы мұсылмандар үшін үшінші қасиетті орын саналатын әлемге әйгілі Ақса мешітіндегі Израил билігінің бассыздығына байланысты мәлімдеме жасаған болатын. Нақтырақ айтқанда, Рамазан Қадыров Израил билігінен Ақса мешітіне мұслмандарды кіргізуді және тұтқындалған Құдыс мүфтиін бостандыққа шығаруын талап еткен еді. Бұдан бөлек, Шешенстан мүфтиі Салах Межиев те Ақса мешітін "қасық қандары қалғанша" қорғауға дайын екендіктерін мәлімдеді. Артынша Шешенстандағы евреулер қауымының өкілдері де республика басшысының сөзіне қосылатынын мәлімдеді: "Сіздерге бейбіт өмір болсын, мұсылман бауырлар. Шешен республикасының еврейлер қауымының атынан республика басшысы Рамазан Ахметұлы Қадыровтың Ақса мешітіне қатысты айтқан барлық сөзін қолдаймыз. Біз діндарлардың құлшылық етуіне кедергі жасалмауы тиіс деп есептейміз, Біз киелі жерде жақын арада бейбіт өмір мен береке орнайтынына және біздің республикамыздағы секілді тату-тәтті өмір орнайтынына сенімдіміз. Сіздерге Жаратқан жар болсын". Шешенстандағы еврейлердің бұл мәлімдемесі Израилдегі қандас бауырларының ашу-ызасын тудырып, израилдік еврейлер оларды келеке етті. Мәселен, еврейлердің Cursorinfo.co.il ақпарат агенттігінің משה קובייבנוב деген бүркеншек атпен бір оқырманы: "Айтқандай, Шешенстанда еврейлер қалып па еді, сене алар емеспін",- деп қағытыпты. 

0 пікір
Мұрағат