Еврей еврейді керек қылмай тұр...
Еврей еврейді керек қылмай тұр...
5 жыл бұрын 2279 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әдетте еврейлер туралы сөз қозғалғанда аталған ұлттың ауызбіршілігі алдымен ауызға алынады. Осы күнгі әлемдегі экономикасы өркендеген, технологиясы дамыған ел атануына олардың осы қасиетін дәлел етіп алға тартатындар бар. Тақыр жерден тау тұрғыза білген еврейлер осылайша қуатты мемлекет құра білді. Бір-бірін бауырына тартатын еврей басқа еврейді кеудесінен итеріп отыр. Нигерияның отаршылдықты және діни топтарды зерттеп жүрген Кенан Топрак есімді авторы түріктердің Anadolu Ajansı ақпарат агенттігінде «Нигериялық игбо-еврейлер мен олардың мақсаты» деп аталатын мақаласын жариялапты. Автордың жазуынша, игбо-еврейлері өздерін бүкіл әлемдік еврейлер қауымдастығының бір бөлігі санаса да Израилдегі қандастары оларды әлі күнге мойындамай келеді. Кенан Топрак осылай дей келе Израилдің игбо еврейлерін сыртқа тебетін себебін айтып кетіпті: Нигерия артта қалған мемлекет. Израйл өзінің дамыған экономикалық, саяси жүйесіне залал келтіреді дейтін жаңсақ ұғымның жетегінде игбо еврейлерді маңына жуытқысы жоқ. Десе де игбо еврейлері ежелгі Исраил әулетіне жататын ұлыс. Генетикалық зерттеу де мұны растайды. Сөз орайы келгенде айта кету керек, «Биафраның байырғы тұрғындары» деп аталатын террористік ұйымы елге екі тарапта қауіп төндіріп тұр: біріншісі – олар лаңкестік әрекетке ойланбай барады, вандализмге жәнен диверсияға бейім тұрады, екінші жағынан – олар Биафра тәуелсіздігі алғашқы соғыс кезіндегідей этникалық бөліну себебімен зорлық-зомбылыққа баруы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат