Еуропаның Қытайға тәуелділігі сарапшылар ойлағаннан да ауқымды болып шықты
Еуропаның Қытайға тәуелділігі сарапшылар ойлағаннан да ауқымды болып шықты
4 ай бұрын 676 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америка құрама штаттарының тариф саясатына байланысты әрі АҚШ билігінің технологиялық текетіресінен Қытай баатыс елдеріне табиғатта сирек кездесетін металдар экспортын шектеген болатын. Осындай шарадан батыс елдеріндегі сирек элементтер қоры таусылуға айналып барады. Әсіресе, мұндай шикізатты қажет ететін салалар мен өндіріс (мәселен, электрмен жүретін көлік құрастыру) тоқтап қалу қатерінің алдында тұр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Авсстрияның жеткізу тізбегін талдау институтының (ASCII) сарапшылары жүргізген талдау нәтижесіне жөн сілтеген Handelsblatt мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл ахуалға ең алдымен Қытай емес, батыс елдерінің өзі кәнілі, деп есептейді сарапшылар. Мәселен, Жапония Қытайға бұл салада тәуелділікті азайту бағытында елеулі шаралар қабылдап, ерте қамданған. Ал Еуропа мұндай қатерге жеткілікті мән берген емес. Зерттеушілер жалпы алғанда 170 елдің жаһандық сауда тізбектеріне назар аударып, олардың табиғатта сирек кездесетін металдардың 168 түріне тәуелділігін талдады. Еуропаның Қытайға тәуелділігі сирек металдарды жеткізу тұрғысынан бұрынғыдан жоғары болып шықты. Мысалы, тек магнит жасау тізбегі бойынша Еуропалық одақтың барлық импортының 98 пайызы сирек металдарды әлемдік қайта өңдеудің 91 пайызын бақылайтын Қытайға тиесілі. Қарастырылған 168 тауар санатының 77-сі неміс экспорты үшін жоғары маңызға ие болып шыққан. Бұған дейін Германия федеративті республикасының экономика министрлігі АҚШ-тың ҚХР-дан тасымалданатын тауарларға салынатын салықтың жоғары болуына байланысты Қытайдан арзан тауарлар кәрі құрлыққа ағылып келуі мүмкін деген алаңдаушылығын білдірген болатын. Ал бұл өз кезегінде жергілікті нарықты күйретуі ықтимал. 

0 пікір
Мұрағат