|
Еуропаның екі елі «түрлі түстілерге» қатысты нақты шешім қабылдады
|
Венгрия парламенті ел конституциясына тек екі жыныс өкілдерін, яғни, ерлер мен әйелдерді ғана мойындайтын түзету енгізді. Ал Ұлыбритания біріккен королдігінің жоғарғы соты трансгендерді әйелдер санатына жатқызудан бас тартты. Бұл жайында islam.kz порталы Associated Press ақпарат агенттігі мен The Guardian мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Венгр конституциясына енгізілген түзетуге сәйкес балалардың рухани, сондай-ақ, жан мен тән дамуына қатысты құқығы кез келген құқықтан жоғары тұрады. Елдің атазаңына енгізілген түзетуді венгрлердің азаматтық одағы мен христиан демокртаттар ұсынған. Ұлыбританияға келсек, For Women Scotland (FWS – Шотландия әйелдері үшін”) деп аталатын бастамашыл топ трансгендердің биологиялық әйелдер (жаратылысынан әйел болып туған) секілді жұмысқа қабылдау квотасына ие бола алады деген Эдинбург сотының қаулысына қарсы талап шағым түсірген еді. Ұлыбританияның жоғарғы соты бұл аппеляциялық істі қарай келе For Women Scotland жағына шықты.