Еуропаның бірқатар елі Ауғанстанда елшілігін ашып қалуы мүмкін
Еуропаның бірқатар елі Ауғанстанда елшілігін ашып қалуы мүмкін
5 ай бұрын 551 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: shutterstock.com. Автор: Belish

Еуропаның бірқатар елі, соның ішінде Италия Ауғанстанда елшілік ашуды қарастыруда. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Bloomberg дерек көзіне жөн сілтеген ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Еуропалық елдер арасында осылайша ауған билігіндегі тәліптер қозғалысының билігін дипломатиялық тұрғыдан  мойындау бағытындағы алғашқы қадам жасайды. Атап айтқанда, Италия соңғы апталарда Кабулға барлау миссиясын жүргізгені турасында хабар тарады. Италияның сыртқы істер министрі Антонио Таяни Уашингтон қаласында өткен Солтүстік Атлант саяси-әскери құрылымның (НАТО) саммиті аясында берген сұхбатында қазір Катарда жұмыс істеп жатқан Рим елшісінің Кабулға барғанын растады. Аты-жөні құпия ұсталған француздардың лауазымды ірі мемлекеттік қызметкері Bloomberg тілшісіне берген сұхбатында Париждің қазіргі уақытта Ауғанстанда елшілік ашу жоспары жоқ екенін мәлімдей келе бұл мәселе түбі бір шешілуі керек екенін айтқан. Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі «қауіпсіздік пен саяси жағдай рұқсат етсе, Ауғанстанда дипломатиялық өкілдік құру мүмкіндігін қарастыратынын» растады. Осылай деген еуропалық дипломат Брюсселдің (Еуропалық одақтың штаб-пәтері орналасқан қала) Ауғанстанның даму жобаларын жүзеге асыру, әйелдер құқығын қорғау және стратегиялық мәселелер бойынша тәліптермен байланыс орнату қажеттілігін мойындауға бет бұрғанын атап өтті. 

0 пікір
Мұрағат