Еуропалық сот жұмыс орнында хижабпен жүруге тыйым салды
Еуропалық сот жұмыс орнында хижабпен жүруге тыйым салды
2 жыл бұрын 1404 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Еуропалық сот, яғни, Еуропалық одақтың жоғарғы сот органы жұмыс берушілерге қоластындағы қызметкерлеріне жұмыс орнына қандай да бір діни немесе философиялық ағымға тән киіммен келуіне тыйым салу құқығын бекітетін шешім шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы Arab News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Еуропалық соттың мұндай қаулы қабылдауына белгиялық мұсылман әйелдің жұмыс орнына орамал тағып келуіне тыйым салған жұмыс берушінің үстінен сотқа түсірген шағымы түрткі болды. Мұсылман әйел өзін жұмыс беруші діни белгісі бойынша  кемсітті деп шағымданған. Алайда, еуропалық сот бұл тараптағы кемсітушілік діни киіміне емес, сеніміне байланысты орын алса ғана қарастырылатынын алға тартып отыр. Ал сотқа жұмыс берушінің үстінен шағым түсірген белгиялық мұсылман әйелді сенімі үшін емес, киіміне қарай жұмысқа жібермеген. Міне, осындай себеппен оның шағымы қарастырылмады. «Қызметкерлерге өздерінің діни және философиялық көзқарастарын сөзбен, киіммен немесе кез келген басқа жолмен көрсетуге тыйым салынған жұмыс жағдайлары тікелей кемсітушілікке жатпайды», деп айтылған сот шешімінде.

0 пікір
Мұрағат