Еуропалық елдегі бірегей жоба: сусыз жұмыс істейтін гидро-электр стансасы іске қосылады (видео)
Еуропалық елдегі бірегей жоба: сусыз жұмыс істейтін гидро-электр стансасы іске қосылады (видео)
8 ай бұрын 1025 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

RheEnergise компаниясы Ұлыбританияда HD Hydro су электр стансасының пилоттық жобасын іске қосуда. Ол Плимутқа жақын Девонда орналасады және қуаты 500 кВт болады. Ерекше жоба гидроэнергетиканың негізгі мәселелерінің бірі – қолайлы алаңдардың тапшылығын шешуге көмектеседі. Егер бұл тәжірибе сәтті жүзеге асырылса, мұндай электр стансалары Ұлыбритания аумағында ғана емес, бүкіл әлемде кең тарауы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылар жаңа энергетикалық нысанның әдеттегі тәсілдер арқылы энергия өндіретін баламасынан 2,5 есе қуатты болатынын алға тартып отыр. Сонымен қатар, ол қоршаған ортаға титтей де зиянын тигізбейді. RheEnergise инженерлері жүйенің жұмысын өзгерту арқылы биіктіктегі үлкен айырмашылықтарды болдырмаудың өзіндік әдісін тапты. Судың орнына олар R19 минералды ұнтағы негізіндегі ерітіндіні қолдануға бел буып отыр. Оны қосқанда су тығыздығы жоғары паста тәрізді сұйықтыққа айналады. Аталмыш компания ауыр сұйықтықты пайдалану арқылы әдеттегіше су айдайтын, есесіне 40% ықшам резервуарларды және олардың арасындағы биіктік айырмашылықтарын пайдалану арқылы су электр стансалары сияқты жұмыс істейтін жобаны жүзеге асырмақ. Бұл жайт өз кезегінде мұндай жүйелерді  аласа жотада орналастыруға мүмкіндік береді. Артықшылығы - тозбайды мен сұйықтық ағып кетпейді. HD Hydro-ның алғашқы электр стансасы сантехникалық құралдарды шығаратын компанияны қуаттайтын болады. Алдағы жылдары RheEnergise компаниясы жалпы қуаты кемінде 10 МВт болатын бірінші желілік жобаны іске қосуды көздеп отыр.

HD Hydro

0 пікір
Мұрағат