Еуропалық елде шетелден білім алған имамдар қызметіне тыйым салынды
Еуропалық елде шетелден білім алған имамдар қызметіне тыйым салынды
11 ай бұрын 1212 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Франция билігі еу аумағында шетелден білім алған әрі шет мемлекетттен қаржыландырылатын имамдарға қызмет етуге тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде China Daily ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада осыдан 4 жыл бұрынғы алғаш рет шектеу турасында сөз болып отыр. Алайда, ресми тыйым 2024 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап қолданысқа енгізілді. Осылайша, жаңа ереже талаптарына сәйкес аталған елде шетелдік дипломға ие әрі шетел азаматтығына ие иимамдарға қызмет ете алмайды. Франция ішкі істер министрлігінің жетекшісі Жералд Дарманин Еуропадағы имамдар мен мешіттердің қызметін қаржыландыратын бірқатар мұсылман елдерінің үкіметтеріне хабарлап, хат жолдады. Министрдің айтуынша, мұндай тыйым шетелдік діни ықпалды шектеу және діни құндылықтардың «республика қағидаттарына» сәйкес келуін қамтамасыз ету үшін қажет. 2020 жылы Франциядағы 300-ге жуық мешіт имамы Алжир, Марокко және Түркия сияқты мұсылман елдерінен жалақы алып келген еді.

 

0 пікір
Мұрағат