Еуропалық елде сатылмай қалған азық-түлікті қоқысқа тастауға тыйым салатын заң жобасы мақұлданды
Еуропалық елде сатылмай қалған азық-түлікті қоқысқа тастауға тыйым салатын заң жобасы мақұлданды
12 ай бұрын 774 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Испанияның министрлер кабинеті ірі сауда желілері мен қоғамдық тамақтандыру орындарына сатылмай қалған азық-түлік өнімдерін қоқысқа тастауға тыйым салу қарастырылған заң жобасын мақұлдады. Аталмыш заң толық қолданысқа енуі үшін парламент тарапынан қабылдануы керек. Бұл жайында islam.kz порталы GrowHow ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ауыл және балық шаруашылығы мен азық-түлік министрі Луис Планасқа жөн сілтеген Испания үкіметінің баспасөз қызметі жаңа ереже талаптары бойынша сатылмаған азық-түлікті қоқысқа лақтырғаны үшін 60 мыңнан 500 мың еуроға дейін айыппұл салынатынын атап өтті. Бұған қоса, қоғамдық тамақтандыру орындары, супермаркеттер мен гипермаркеттер жарамдылық мерзімі біткенше сатылмай қалған өнімдерді азық-түлік банктері сияқты әлеуметтік мекемелерге өткізуге міндетті. Испания халқы бүгінде шамамен 48 миллион адамды құрайды. Жергілікті үкімет елдегі әрбір адам жыл сайын шамамен 66 келі тағамды ысырап ететіні турасында дерек келтірді.

0 пікір
Мұрағат